COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Erasmus+ KA171 бағдарламасы бойынша Болгарияға академиялық ұтқырлыққа конкурс жарияланады!

Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы 2026-2027 оқу жылының көктемгі семестрінде Varna Free University (Болгария) жоғары оқу орнында Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында білім алу үшін кандидаттарды іріктеу конкурсын ашық деп жариялайды.

 

Кімдер қатыса алады?

- «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенттері (2–3 курс)

 

Негізгі талаптар:

- Үлгерім көрсеткіші: GPA 3.0-ден жоғары;

- Шет тілін меңгеру деңгейі: Ағылшын тілі (B2 деңгейінен төмен емес);

- Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысуы (сертификаттар мен марапаттардың болуы артықшылық береді).

 

Қандай құжаттар қажет?

- Студенттің өтініші (үлгісі бойынша);

- Транскрипт (қазақ және ағылшын тілдерінде);

- Түйіндеме (CV) ағылшын тілінде;

- Кафедра меңгерушісінің атынан Ұсыныс хат;

- Тілдік деңгейді растайтын сертификат (бар болса) немесе университет ішіндік емтихан нәтижесі.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.10.2026ж.(бірінші деңгей)
Құжаттарды өткізу орны: Стратагиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы, Желтоқсан көшесі 69б, 1.2.202 каб.

 

Болгарияның жетекші еуропалық университетінде халықаралық тәжірибе жинақтап, білім көжиегіңізді кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!