Заманауи өнердегі жаңашылдық: шеберлік сыныптары негізінде шығармашылық көкжиектерді кеңейту
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 12 ақпанда, сағат 10:30-да «Заманауи өнердегі жаңашылдық: шеберлік сыныптары негізінде шығармашылық көкжиектерді кеңейту» тақырыбында облыстық Best Practices іс-шарасы өтеді.
Аталған іс-шараға «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастыруымен қатысуға шақырамыз.
Іс-шараның басты мақсаты:
Білім беру мен кәсіби қызметтегі үздік тәжірибелерді қолдану және тарату арқылы оқушылар мен жастарға кәсіптік бағыт-бағдар беру, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу.
Іс-шара бағдарламасында:
Практикалық шеберлік сыныптары
Аймақ-1. Сурет пен қолөнер: дәстүр мен жаңашылдық. Суретшілер көрмесі
Аймақ-2. Керамика мен гипстың шығармашылық мүмкіндіктері. Қолөнершілердің шеберлік сыныптары
Аймақ-3. Қолөнердегі жүннің мүмкіндіктері: идеядан дайын бұйымға дейін. Қолөнершілердің шеберлік сыныптары
Аймақ-4. Құрақ құрау – ұлттық қолөнердің негізі. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары
Аймақ-5. «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру мәселелері» тақырыбында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел
Өтетін орны:
Тараз қаласы, Сатпаева көшесі, 1А
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті
Байланыс ақпараты:
Телефон: 8 701 071 8362
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ресми сайт: htu.edu.kz
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті – сіздермен бірге! Қатысуға шақырамыз!

04 Ақпан 2026
168