COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Аграрлық және биологиялық мамандықтарда білім алатын студенттер үшін Германияда ақылы тағылымдама туралы семинарға шақыру!

 

Сіздерді 2024 жылдың 2-ші желтоқсаны, сағат 14:00-де LOGOe.V компаниясының өкілімен өтетін ақпараттық семинарға шақырамыз. Семинар Желтоқсан көшесі, 69Б мекен-жайында орналасқан оқу ғимаратының конференц-залында (201) өтеді.

Семинарға келесі мамандықтарда білім алатын студенттер қатыса алады:

- Ветеринариялық санитария

- Ветеринарлық медицина

- Биология

- Биология (санитарлық эпидемиология)

- Агрономия-экология

- Өсімдіктерді қорғау және карантин

- Агрономия

 

Бағдарламаны фермерлер мен Германияның Федералды ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі қаржыландырады. 

Бағдарлама келесідей мүмкіндіктерді ұсынады:

- Сіздің оқу профиліңіз бойынша алты айлық кәсіби тәжірибе;

- Ауыл шаруашылығы және кәсіби даму бойынша 20-дан астам семинар;

- Неміс тілінің тегін курсы;

- Фермада тегін тұру, тамақтану және медициналық сақтандыру;

- Аптасына 40 жұмыс сағаты үшін 400 € ай сайынғы төлем;

- Бағдарламаның бұрынғы қатысушыларының қолдауы;

- Тағылымдамадан өткеннен кейін тегін қайту рейсі;

- Практика үшін бағалары бар ресми сертификат.