COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

ШЕРХАН МҰРТАЗА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ERASMUS+ KA171 БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ОРЫНДАРЫ БӨЛІНДІ

Шерхан Мұртаза университеті интернационалдандыру стратегиясын дәйекті жүзеге асыру және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту аясында Еуропалық Одақтың Erasmus+ KA171 бағдарламасы бойынша Болгария Республикасының «Черноризец Храбър» Варна еркін университетімен (Varna Free University “Chernorizets Hrabar”) серіктестігін жалғастыруда.

2026 жылғы Erasmus+ KA171 конкурсының қорытындысы бойынша Варна еркін университетінің жобасы Еуропалық Комиссия тарапынан қаржыландыруға ие болды. Бекітілген жоба шеңберінде Шерхан Мұртаза университетіне академиялық ұтқырлық бойынша келесі квоталар бөлінді:

- 7 студентке – оқу мақсатындағы академиялық ұтқырлық;

- 2 профессор-оқытушыға – оқытушылық академиялық ұтқырлық.

Сонымен қатар келісім аясында Варна еркін университетінің 2 профессор-оқытушысы Шерхан Мұртаза университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәрістер оқиды.

Академиялық ұтқырлық 0611 – Computer Science даярлау бағыты бойынша жүзеге асырылады. Бағдарламаға сәйкес студенттердің оқу мерзімі 5 айды құрайды. Erasmus+ бағдарламасы қатысушыларға қаржылық қолдау мен жол жүру шығындарын өтейді. Профессор-оқытушылар құрамының ұтқырлығы 5 жұмыс күні және 2 жол жүру күнін қамтиды.

Жақын арада Шерхан Мұртаза университетінде Erasmus+ KA171 бағдарламасы бойынша студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған ашық конкурстық іріктеу жарияланады. Конкурсқа қатысу шарттары, іріктеу критерийлері және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат университеттің ресми сайтында жарияланады.

Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясындағы бұл жоба университеттің халықаралық әріптестік желісін кеңейтуге, академиялық ұтқырлықты дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және студенттер мен оқытушылардың халықаралық тәжірибе алмасуына жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Шерхан Мұртаза университеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлықты кеңейту және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуді нығайту бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.