COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Заманауи өнердегі жаңашылдық: шеберлік сыныптары негізінде шығармашылық көкжиектерді кеңейту

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 12 ақпанда, сағат 10:30-да «Заманауи өнердегі жаңашылдық: шеберлік сыныптары негізінде шығармашылық көкжиектерді кеңейту» тақырыбында облыстық Best Practices іс-шарасы өтеді.

Аталған іс-шараға «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастыруымен қатысуға шақырамыз.

Іс-шараның басты мақсаты:

Білім беру мен кәсіби қызметтегі үздік тәжірибелерді қолдану және тарату арқылы оқушылар мен жастарға кәсіптік бағыт-бағдар беру, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу.

Іс-шара бағдарламасында:

Практикалық шеберлік сыныптары

Аймақ-1. Сурет пен қолөнер: дәстүр мен жаңашылдық. Суретшілер көрмесі

Аймақ-2. Керамика мен гипстың шығармашылық мүмкіндіктері. Қолөнершілердің шеберлік сыныптары

Аймақ-3. Қолөнердегі жүннің мүмкіндіктері: идеядан дайын бұйымға дейін. Қолөнершілердің шеберлік сыныптары

Аймақ-4. Құрақ құрау – ұлттық қолөнердің негізі. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары

Аймақ-5. «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру мәселелері» тақырыбында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел

Өтетін орны:

Тараз қаласы, Сатпаева көшесі, 1А
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті

Байланыс ақпараты:

Телефон: 8 701 071 8362
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ресми сайт: htu.edu.kz

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті – сіздермен бірге!  Қатысуға шақырамыз!