
IQAA (Independent Agency for Quality Assurance in Education) білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің сарапшылар тобы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде 2026жылдың 12-14 қазан аралығында институционалдық аккредиттеуге байланысты сыртқы аудит жұмыстарын жүргізеді. Институционалдық аккредиттеу сапары аясында университетімізге отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия мүшелері келеді.
Үш күн ішінде сарапшылар университеттің қызметімен және инфрақұрылымымен жан-жақты танысады. Атап айтқанда оқу ғимараттарын, спорттық кешендерді, ғылыми-зерттеу орталықтарын, Студенттер үйін аралап, бағалайды. Университеттің материалдық-техникалық базасын зерделеп, сарапшылар университеттің білім беру сапасын, ғылыми қызметі мен тәрбие және әлеуметтік жұмыстарын бағалайды.
Сондай-ақ сарапшылар университеттің басшылық құрамымен, профессор-оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен, жұмыс берушілермен және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, сұхбаттар өткізеді.
Институционалдық аккредиттеу - университет қызметінің сапасын тәуелсіз бағалауға, жетістіктерімізді саралауға және одан әрі даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Университет қауымдастығы үшін бұл – білім беру, ғылым және сапаны қамтамасыз ету бағыттарындағы нәтижелерін көрсетуге және даму әлеуетімізді танытуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
1 бет. Барлығы: 70

14 Қазан 2026
67