COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Мұртаза университетінде әйелдер мен қыздардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Autumn WIT Intensive форумы өтті

 

2026 жылғы 26 қыркүйекте Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде әйелдер мен қыздардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, технологиялық саладағы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге және әйелдер көшбасшылығын қолдауға бағытталған Autumn WIT Intensive білім беру форумы өтті.

 

Іс-шараны Zhambyl Hub халықаралық Women in Tech Kazakhstan қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Форум заманауи технологияларға, кәсіпкерлікке, жасанды интеллектке және киберқауіпсіздікке қызығушылық танытқан жастарды, сарапшыларды және бизнес өкілдерін біріктірді.

 

Форумның ашылуында университеттің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Ақмарал Қадырoва сөз сөйлеп, цифрлық сауаттылықты арттырудың, жеке деректерді қорғаудың және әйелдердің технологиялық салаға белсенді қатысуын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Сонымен қатар университеттің жастардың кәсіби дамуына, әйелдер көшбасшылығына және инновациялық кәсіпкерлікке бағытталған бастамаларды қолдауға және серіктестік орнатуға ашық екені айтылды.

 

Форум аясында цифрлық қауіпсіздікке арналған «Аман Бол» бағдарламасы, сондай-ақ AI for Her және AI for Her Business жобалары таныстырылды.

 

Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте және кәсіпкерлікте практикалық қолдану мүмкіндіктерімен танысып, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету жөнінде пайдалы ұсынымдар алды.

 

Іс-шараның маңызды бөлімдерінің бірі – «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік: деректер, қаржы және жеке шекаралар» тақырыбындағы панельдік сессия болды.

 

Сессия барысында сарапшылар жеке деректерді қорғау, қаржылық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу және цифрлық кеңістіктегі жауапты мінез-құлық мәселелерін талқылады.

 

Форум қатысушыларға жаңа білім алуға, кәсіби тәжірибе алмасуға, байланыстар орнатуға және технологиялық бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді.

 

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 5-мақсаты – «Гендерлік теңдік» бағытына тікелей сәйкес келеді. Атап айтқанда, ТДМ 5.b міндеті әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды арттыруды көздейді.

 

Autumn WIT Intensive форумы әйелдер мен қыздардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, жасанды интеллект құралдарын меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге және технологиялық саладағы кәсіби белсенділігін қолдауға бағытталған.

 

Сонымен қатар іс-шара ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» мақсатымен де байланысты. Форум аясындағы білім беру бағдарламалары мен сарапшылық сессиялар қатысушылардың цифрлық сауаттылығын және заманауи технологиялар жөніндегі білімін кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті осындай серіктестік бастамаларды қолдау арқылы әйелдер мен қыздардың технологиялық білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық теңсіздікті азайтуға және кәсіби дамуына қолайлы орта қалыптастыруға үлес қосуда.