COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

ТДМ 3 – Денсаулық және әл-ауқат

 

Шерхан Мұртаза университетінде жастар арасында синтетикалық есірткі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған кездесу өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жастардың денсаулығын сақтау, синтетикалық есірткінің алдын алу және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-ағартушылық кездесу ұйымдастырылды.

 

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп, студенттер арасында есірткі заттарының таралу қаупі, олардың адам денсаулығына тигізетін зияны, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналды.

 

Кездесу барысында студенттерге «Некнижные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Аталған туындылар арқылы жастарға синтетикалық есірткінің адам өміріне тигізетін кері әсері, құқық бұзушылықтың салдары және зорлық-зомбылықтың жеке тұлға мен қоғамға ықпалы нақты мысалдар негізінде түсіндірілді.

 

Іс-шараға құқық қорғау органдары мен жастар саясаты саласының мамандары қатысып, студенттерге синтетикалық есірткінің қауіптілігі, оның таралу жолдары және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берді.

 

Сонымен қатар кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, одан қорғану тәсілдері және азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері түсіндірілді.

 

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Денсаулық және әл-ауқат» бағытына тікелей сәйкес келеді. Атап айтқанда, ТДМ 3.5 міндеті психикалық белсенді заттарды, оның ішінде есірткі заттарын теріс пайдаланудың алдын алу және емдеу шараларын күшейтуді көздейді.

 

Университетте өткізілген ақпараттық кездесу осы міндеттің профилактикалық бағытымен байланысты. Студенттерге синтетикалық есірткінің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жеткізілді.

 

Сонымен қатар іс-шара ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсатымен де байланысты. Зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және құқықтық қорғау тетіктері туралы ақпарат беру қауіпсіз әрі бейбіт қоғам қалыптастыру қағидаттарымен үндеседі.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті осындай профилактикалық және ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар арқылы студенттердің денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда.

 

 

 

Шерхан Мұртаза университетінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау байқауы өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Салауатты өмір – жастар таңдауы» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық сауаттылығын арттыру, жұқпаның алдын алу шаралары туралы білімін кеңейту, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Байқау барысында студенттер үш бағыт бойынша өзара сайысқа түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар «Салауатты өмір салты» тақырыбында әзірленген бейнероликтерін ұсынып, денсаулықты сақтау мен салауатты өмір сүрудің маңыздылығын көрсетті.

 

Екінші кезеңде студенттер алдын ала дайындаған плакаттарын таныстырып, АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке жауапкершілік және денсаулықты қорғау мәселелері бойынша шығармашылық идеяларын ұсынды.

 

Үшінші кезеңде «АИТВ/ЖИТС», «Қауіпсіздік мәдениеті» және «Алғашқы медициналық көмек» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Қатысушылар аталған бағыттар бойынша білімдерін көрсетіп, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты ақпараттық сауаттылықтарын танытты.

 

Байқауға университеттің әр факультетінен жасақталған студенттік командалар қатысты.

 

Қатысушылардың жұмыстарын Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Индира Мумарханқызы Досымова, облыстық жастар денсаулық орталығының жетекшісі, психолог Гүлзира Бекболатқызы Қалдыбаева және Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының маманы Арай Қадырханқызы Абаева бағалады.

 

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – Экономика факультеті;

ІІ орын – Жаратылыстану факультеті;

ІІІ орын – Педагогика факультеті.

Қалған факультеттердің командалары белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Денсаулық және әл-ауқат» бағытына тікелей сәйкес келеді. Атап айтқанда, ТДМ 3.3 міндеті 2030 жылға қарай ЖИТС эпидемиясын тоқтатуды және басқа да жұқпалы аурулармен күресуді көздейді.

 

Университетте өткізілген байқау осы міндеттің профилактикалық және ақпараттық-ағартушылық бағыттарымен байланысты. Студенттердің АИТВ/ЖИТС туралы білімін кеңейту, инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру жұқпалы аурулардың алдын алуда маңызды орын алады.

 

Сонымен қатар іс-шара ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» бағытымен де байланысты. Байқау студенттердің денсаулық сақтау, алғашқы медициналық көмек және қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін көрсетуіне және кеңейтуіне мүмкіндік берді.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті осындай профилактикалық және білім беру іс-шаралары арқылы жастардың денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда.

 

 

 

Шерхан Мұртаза университетінде жастар арасында есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жастар есірткісіз болашақ үшін» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық кездесу ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің есірткі заттарының қауіптілігі туралы хабардарлығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту.

 

Кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Айгерім Асанқызы Каукешова, Полиция департаментінің Кинология қызметі орталығының өкілдері, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Құралай Алпысбайқызы Бикенова қатысты.

 

Іс-шараны университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков ашып, жастардың денсаулығын сақтау мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың қоғам болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

 

Бағдарлама барысында студенттерге «Есірткіге жол жоқ!» атты бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар Полиция департаментінің Кинология қызметі орталығының мамандары қызметтік иттердің арнайы жаттығу көрінісін ұсынды.

 

Кездесу соңында еркін сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қатысушылар есірткіге қарсы күрес, құқықтық сауаттылық және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Денсаулық және әл-ауқат» бағытына тікелей сәйкес келеді. Атап айтқанда, ТДМ 3.5 міндеті психикалық белсенді заттарды, оның ішінде есірткі заттарын теріс пайдаланудың алдын алу және емдеу шараларын күшейтуді көздейді.

 

Университетте өткізілген кездесу осы міндеттің профилактикалық және ақпараттық-ағартушылық бағытымен байланысты. Жастарға есірткінің қауіптілігі туралы ақпарат беру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау студенттердің денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

 

Сонымен қатар іс-шара ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсатымен де байланысты. Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуы, есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері қауіпсіз қоғам құндылықтарымен үндеседі.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті осындай профилактикалық және ағартушылық іс-шаралар арқылы студенттердің денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыруға, есірткі тұтынудың алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосуда.