Іс-шаралар
«Заң мен тәртіп» аясында құқықтық кездесу өтті
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті заң клиникасының аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында кезекті іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы Әділет департаменті бас маманы Ж. Салиева және Жамбыл облысының заң консультанттары палатасы заңгер-консультанты қатысып, студенттерге құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және болашақ заңгерлердің кәсіби жауапкершілігі туралы маңызды ойлар айтылды. Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Жас заңгерлерге жол: Аса ауылында «Болашақ прокурорлар» клубы ашылды
Бүгін Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында «Болашақ прокурорлар» клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудан прокуроры Берік Қыдырәлі, Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің заң клиникасының меңгерушісі А. Я. Мусаева, Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Ж. Салиева қатысты.
Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталып, ресми бөлімде қонақтар сөз сөйледі. Олар жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру, заңға құрмет қалыптастыру және әділетті қоғам құрудағы білімнің маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында клуб мүшелері ант қабылдап, арнайы төсбелгілермен марапатталды. Бұл бастама оқушылардың құқықтық мәдениетін нығайтып, заң саласына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.


«Құқығыңды білу – әр азаматтың міндеті»
Бүгін, Жамбыл гуманитарлық Абай атындағы жоғары колледжі студенттерімен «Мен өз құқықтарымды білемін бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқықтық сауаттылықты арттыру және студенттердің өз құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейту.
Кездесу барысында қатысушылар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы жөнінде пікір алмасты. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық саласына қатысты пайдалы ақпарат алды.
Аталған шара Жамбыл облысы Әділет департаменті бас маманы Ж. Салиева мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті заң клиникасының меңгерушісі А. Я. Мусаеваның қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел ашық диалог форматында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға және заңға деген құрметін арттыруға бағытталды.


Таразда халыққа тегін заң көмегі көрсетілді
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті базасында жұмыс істейтін тегін заң клиникасының ұйымдастыруымен бүгін Наурыз сауда орталығында тұрғындарға арналған тегін құқықтық көмек көрсету акциясы өтті. Іс-шара Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мамандығында білім алып жатқан студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасау.
Акция барысында заң клиникасының мамандары азаматтарға азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша тегін кеңес берді.
Азаматтарды қабылдауды университеттің профессор-оқытушылар құрамы, тәжірибелі заңгерлер және олардың жетекшілігімен заң мамандығының студенттері жүргізді.

Адвокатура онкүндігі аясында кездесу өтті
Бүгін Жамбыл облысы бойынша Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Заң клиникасы аясында кезекті кездесу өтті. Іс-шараны Құқықтық түсіндіру және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы А.Б. Қалдыбекова мен А.И. Газаев ашып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы адвокаттардың рөлі туралы айтты.
Онкүндік аясында дәрістер, дөңгелек үстелдер, тәжірибелі адвокаттармен кездесулер өткізу және адвокатура институтын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған. Кездесу тәжірибелі заңгерлер, оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң клиникасының жетекшісі А.Я. Мұсаева студенттерге нақты кейстер дайындап, оларды адвокатура онкүндігі аяқталғаннан кейін қорғауды ұсынды.


Жасөспірімдер құқығын қорғауға арналған кездесу өтті
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Тараз қалалық білім бөлімінің №67 орта мектебінде Жамбыл облысы Әділет департаментімен бірлескен заң клиникасы аясында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғауға бағытталып, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдату, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мәселелерін қамтыды.
Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы буллингке қарсы жүйелі профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды. Бұл мәселелер бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі екені атап өтілді.
Сонымен қатар, еліміздің барлық мектептерінде «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орналастырылғаны, аталған қызметтің балалар мен жасөспірімдерге жедел көмек көрсетуге бағытталғаны түсіндірілді.
Кездесу барысында айтылғандай, балаларға бүгін берілген тәрбие мен құндылықтар еліміздің болашағын айқындайды. Дәл мектеп қабырғасында Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның негізі қаланатыны Мемлекет басшысының сөзінде де атап өтілген.
Іс-шараға:
• Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Күнтуғанқызы Айнұр,
• Тараз қаласының прокуроры Тұғылшиев Нұрзат Ерболұлы,
• Жамбыл облысы Әділет департаментінің өкілі Салиева Жанбота Газизовна,
• Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің заң клиникасының меңгерушісі Мусаева Әлия Январбековна қатысты.
Кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.



Бүгін 9 қыркүйек 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы халықаралықТараз университеттің Заң факультетінің ұйымдастыруымен заң клиникасы аясында мәжіліс залында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «ҚР Конституциясы: бастаулары, теория және заманауи тәжірибе» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты құқықтық мемлекет құрудағы жастардың рөлі, азаматтық қатысуды күшейту, жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту. Сондай-ақ аталған шараға Тараз каласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы, қоғамдық мүше өкілдері, Төтенше жағдайлар департаменті, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының өкілдері мен аталған жоғары оқу орнының Заң факультетінің профессор- оқытушылар құрамы және студенттері қатысып, маңызды тақырыптар бойынша арнайы дайындалған баяндамалар тындалып жоғарыдағы тақырыпты жан-жақты талқылады.



12.04.2023 Сегодня было проведено ознокомление учебно-ознокомительной практики студентов в Департаменте Юстиции по Жамбылской области под руководством старших преподавателей кафедры "Государтсвенно-правовых дисциплин" Индиры Киримжановна Куанышевы и Асель Кайпулдаевы в рамках совместного плана работы юридической клиники с Департаментом Юстиции по Жамбылской области. Заместитель Департамента Юстиции по Жамбылской области Шынгис Жумабаевич Айнкулов рассказал о направлениях органов юстиции, главный специалист отдела по правовой помощи и оказания юридических услуг для населения Манас Мухтарович Кожамжаров сообщил как стать адвокатом, нотариусом и далее провели для студентов ознокомительную экскурсию по Департаменту Юстиции по Жамбылской области.
https://youtube.com/shorts/I4AvLDXXR1M?feature=share

Бүгін заң факультетінің Әділет департаментімен құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде кездесу өтті, кездесулерге қатысушылардан түрлі қызықты сұрақтар қойылды және барлығына қанағаттанарлық жауаптар алынды, менің ойымша, Жамбыл облысының тұрғындары үшін де кездесулер өткізу өте пайдалы болады.


В рамках реализации меморандума о сотрудничестве с Департаментом юстиции прошла очередная встреча организованная Юридическим факультетом юридической клиникой совместно 18.10.2022 году с представителями департамента юстиции по Жамбылской области главным специалистом отдела по защите прав интеллектуальной собственности Куатбековым Галымжаном Канатовичом и главным специалистом отдела по правовой помощи и оказания юридических услуг для населения Кожамжаровым Манасом Мухтаровичом, были обсуждены темы авторского право и правовая защита интеллектуальной собственности а также были затронуты вопросы о правильном составлений договора по аренде жилья.

2.11.2022жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы Білім бөліміне қарасты Антон Макаренко атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен заң клиникасы мүшелерінің қатысуымен Ғылыми жобаларды дайындауда жоғары оқу орындары ғалымдарымен бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру такырыбында ашық диалог алаңында кездесу өтті. Мақсаты-оқушылардың ғылыми зерттеу жобасын ұйымдастырудың практикалық жолдары жайлы пікір алмасу, тәжірибе жинақтау. Көптеген жас мамандар тарапынан сұрақтар болды, мақала жазу оны журналдарға шығару жайында болды.Алдында осындай іс шаралардың көптеп уйымдастырулары жайлы суранды.


В рамках реализации проекта с Департаментом Юстиции по Жамбылской области прошла очередная встреча, где была оказано очередная бесплатная юридическая помощь а также были рассмотрены вопросы развития сотрудничества с государственными и негосударственными органами, учреждениями и организациями в интересах деятельности юридической клиники. Выступала на встрече Алия Абдрасулова главный специалист отдела "Методологического обеспечения и контроля в сфере регистрационной службы" на тему "Регистрация юридического лица и регистрация прав на недвижимое имущества"

Сегодня члены юридической клиники ездили в школу по оказанию бесплатной правовой помощи и по консультированию документации и разъяснении положении действующего законодательства РК

Сегодня в юридическую клинику пришла женщина, Председатель независимого общественного совета при Кф фермеров села Жер Ана - Мусабаева Роза Махажановна с предложением подписать меморандум о сотрудничестве и об оказании бесплатной правовой помощи для женщин-фермеров а также для тех кто нуждается в юридической помощи по Жамбылской области. Р.М.Мусабаева на базе МТИИ проводила несколько мероприятий на социальных началах и проявила инициативу подписать и работать в рамках реализации предстоящегося меморнадума, надеемся на плодотворное сотрудничество после подписания меморандума.

Бүгін заң клиникасында Әділет департаментінің "Әкімшілік-құқық бөлімінің" бас маманы Нұрмаханбетова Әсел Бақытжанқызымен «Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу» тақырыбында кезекті отырыс болды. Бұл ретте нормативтік-құқықтық актілерге қалай өзгеріс енгізілетіні және де қалай жүзеге асырылатыны туралы айтылды. Студент жастар үшін өте қызықты сұхбаттасу болды, өздерінің ғылми жұмыстарын шыңдау мақсатында пікір алмасты.


20 ноября 2022 года - это самый замечательный день для каждого казакстанца. Мы выбрали своего Президента и от души поздравляем К.Ж Токаева с победой. И с полной уверенностью мы будем строить Новый Казакстан! Мы вместе! И сегодня состоялось собрание членов независимого общественного совета при КФ фермеров сел ЖЕР АНА и членами юридической клиникой Международного Таразского инновационно института. Строили планы на будущее и рассматривали некоторые вопросы связанные о проверке текущих ремонтов дорог в городе и в районах. Также по темам экологии,облаготворительности, работы волонтёров, а также социальных проблем. Сегодня были приглашены волонтёры, это ТАРАЗ ЖІГІТТЕРІ председатель общества Даурен Баубеков и «ВОЛОНТЕР 08», председатель общества Рустам Ташметов. Большое спасибо ребятам, делающие доброе дело и занимающиеся благотворительностью. Рассказали как они работали в период пандемии, разводили нуждающимся продукты питания и медикаменты, кислород. У них очень много планов на будущее и в основном они хотят построить кризисный частный центр. Чтобы в любое время, нуждающиеся люди могли обратиться и получить материальную и бесплатную правовую помощь. И наверное мир держится на таких людях. Наши задачи и цели: оказание бесплатной правовой помощи нуждающимся жителям нашего города.




8.12.2022 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Заң" факультеті, заң клиникасы мен "Тарих және география" кафедрасының 1-4 курс студенттері арасында Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұхатайұлы Еділ мырза "Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық жауаптылық, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері және тергеу бөлімі қызметіне орналасуға шақыру" атты тақырыпта кездесу өткізді.


Бүгін 9.12 .2022жылы "Сыбайлас жемқорлықтан бас тарту - тұрақтылық пен дамудың кепілі "атты форум өтті. Форум барысында Жамбыл облысының тұрғындары марапатталды. ҚР сыбайлас жемқорлықкқа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, жоғары азаматтық ұстаным танытып, және адалдық,әділдік, парасаттылық қағидаларын нығайтуға қосқан үлесіме алғыс білдірді. Біз заң клиникасының ашылуына орай студенттермен бірге ғылыми бағытында жұмыс жүргізу және де ҚР сыбайлас жемқорлықкқа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда студент жастармен форумға қатыстық.

Бүгін 13.12.2022жылы Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ Заң факультетінің ұйымдастыруымен Заң клиникасы және «Ауыл фермерлерінің корпоративті қоры» Тәуелсіз қоғамдық кеңестің ЖЕР Анамен меморандум аясында «Тәуелсіз- Жаңа Қазақстан» атты тақырыпқа арналған қалалық дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар-Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ның РЕКТОРЫ М.А.Баяндин мырза,Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі -Сексенбаев Семейхан Молданұлы,М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің «Ғылым және халықаралық байланыстар» жөніндегі проректоры- Нұрмұханбет Данияр Ыскакулы, «Ауыл фермерлерінің корпоративті қоры» Тәуелсіз қоғамдық кеңестің ЖЕР АНА төрайымы- Мусабаева Роза Мақажанқызы,ЖЕР АНА Тәуелсіз Қоғамдық қорының мүшесі - полиция полковнигі Исабекова Эльмира Чайкислимовна, "Болашаққа жаңа қадам"қоғамдық бірлестіктің төрайымы,полиция полковнигі-. Калдыбекова Роза Мадияровна, Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ның Азаматтық және қылмыстық құқық кафедрасының доценті заң ғылымдарының кандидаты -Халилжан Сулейманов,отставкадағы полиция полковнигі, Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ның Азаматтық және қылмыстық құқық кафедрасының доценті заң ғылымдарының кандидаты
Сағынбеков Құрманбек Сағынбекұлы тәуелсіздік күніне пікір алмасып, Жаңа Казақстанду құру жолдарында аянбай еңбек ету керектігін жайлы пікір алмасты.


29.11.2022 жылы "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық акциясын және заң клиникасының жоспарын іске асыру шеңберінде "Адам саудасы", " Тұрмыстық зорлық-зомбылық " тақырыптарында дөңгелек үстелді Әділет департаментінің қызметкерлерімен "Анаға тағзым " орталығында бірігіп өткіздік. Дөңгелек үстелге қатысушылар тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және туындаған мәселелерді, адам саудасы және жыныстық зорлық-зомбылық және тегін заң көмегін көрсету туралы сөз сөйледі.


Ш.Муртаза атындағы ХТИИ-ның Заң факультетінің және заң клиникасының ұйымдастырылуымен 12-СӘУІР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ғылыми - практикалық конференциясының ғылыми апталығынын екинши күні студенттердің мақалаларын тыңдауымен және ғылыми ұсыныстар жасалуымен өткізілді. Ғылыми апталықтың мақсаты: ғылымның құндылығын дәріптеу және жастар арасында ғылым мен білімге құштарлықты нығайту. Конференцияға қатысушылар: Жамбыл облысы ПД Жедел криминалогия басқармасының қызметкерлері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор оқытушылар құрамы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен қатысумен ХТИИ-ның Заң факультетінің профессор - оқытушылар құрамы болды. Мақалалар әр түрлі такырып бойынша қаралды.

Сегодня был организован круглый стол в Арай плаза, в конференцзале с инициативой КФ «Жер-Ана» и юридической клиникой МТИИ имени Ш.Муртазы с участием студентов МТИИ имени Ш.Муртазы и школьников, депутатов Тараза, Жамбылского, Таласского, Байзакского районов Жамбылской области.Тема "Прогрессивная молодежь -будущее нового», «Женщины депутаты - пути решения острых социально-экономических, духовно-патриотических и др. проблем" Сегодняшняя встреча взаимодействия молодежи и депутатов обозначила три важных приоритета для молодежи Нового Казахстана: стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм. А будущее страны за цифровыми технологиями и инновациями. Только целеустремленный гражданин может стать настоящим патриотом-государственником и внести свой вклад в успешное будущее Казахстана. При участии молодежи наша страна должна стать конкурентоспособной, обеспечив повышение благосостояния и качества жизни граждан. Стремление быть нужным и полезным для своей Родины должно стать целью каждого молодого человека. А достичь поставленных целей сможет только образованная и квалифицированная молодежь. На все вопросы студентов были даны исчерпывающие ответы . Диалог прошел в теплой дружеской атмосфере с кофе-брейком. Мы желаем всем депутатом реализовать свои предвыборные программы и служить народу, работать во благо страны и внести свою лепту в создании Нового Казахстана.




Бүгін заң клиникасында "Мемлекеттік-құқықтық пәндер" кафедрасының бекітілген ғылыми перспективалық «Медиация дауларды шешудің балама тәсілі ретінде» студенттермен ғылыми талқылау Жамбыл облысы бойынша медиаторлар кеңесінің төрағасы- Федорова Ирина Геннадьевнамен өткізілді. "Медиация – азаматтық қоғамның жаңа сатысы"ХТИИ-ның Заң факультетінің студенті- Махамбетова Мөлдір Акромқызыөзінің ғылыми жұмысымен таныстыры,осы бағытта тәжірибелі медиатормен жұмыс жасап, пікір алмасты."Медиация – дауды бітімгершілікпен шешу кепілі"ХТИИ-ның Заң факультетінің студенті-Абдухалил Әсем Талапқызы да өзінің тақырыбы аясында сұрақтарға толыққанды жауап алып оны ары қарай ғылыммен ұштастыру мақсатында жұмыс жүргізуді жөн көрді.

Ш.Муртаза атындағы ХТИИ-ның Заң факультетінің және заң клиникасының ұйымдастырылуымен 12-СӘУІР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ғылыми - практикалық конференциясының ғылыми апталығы өткізілді. Ғылыми апталықтың мақсаты: ғылымның құндылығын дәріптеу және жастар арасында ғылым мен білімге құштарлықты нығайту. Конференцияға қатысушылар: Жамбыл облысы ПД Жедел криминалистика басқармасының бастығы және қызметкерлері, М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің профессор оқытушылар құрамы, Жамбыл облысы бойынша медиаторлар кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты, Мемлекеттік сот орындаушысы, ХТИИ-ның Заң факультетінің профессор - оқытушылар құрамы және студенттері болды, мазмұнды және қызықты тақырыптар талқыланды. Жастарға өте мәнді баяндамалар мен мақалалар оқылып, өзара пікір алмасу және ұсыныстар жасалды.





Бүгін Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Заң» факультеті және Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен институт базасында "Заң" клиникасы ашылды.
ХТИИ ректоры Марат Баяндин және Әділет департаментінің басшысы Н.Е.Андасов салтанатты түрде "Заң" клиникасының лентасын қиып, екі жақты келісім шартқа қол қойды.
Халықаралық Тараз инновациялық институтының заң клиникасы – бұл өз алдына заң көмегін көрсету және бұл көмекке мұқтаж азаматтарға тегін консультация беру секілді мақсатта құрылған қауымдастық. Қызметіміздің ерекшелігі – екі жақтың өзара көмектесуі. Бір жағынан, белсенді студенттер халыққа көмектесіп, оның құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді және құқықтық насихаттауды жүзеге асырады, ал екінші жағынан, клиенттер студенттерге қажетті тәжірибе алуға және кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болуға көмектеседі.
Миссиямыз:
Сапалы заң көмегін тегін ұсыну арқылы халыққа қызмет ету және оның құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектесу.
Мақсатымыз:
Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына тегін құқықтық консультацияларды ұсыну және заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін және құқықтық санасын көтеру, сондай-ақ заң клиникасының тағылымдамадан өтушілерінің өз кәсіби дағдыларын жетілдіруі.









7.12.2022 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының базасында "Заң" клиникасының жұмыс жоспарына сәйкес Институт ректор Марат Баяндин және "Жер-Ана" ауылының фермерлері КҚ атынан директор Р. М.Мұсабаева атынан Жамбыл облысының тұрғындарына құқықтық және консультациялық және медиациялық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қоюға "Заң клиникасының" басшысы заң факультетінің деканы Назира А. қатысты. Осы Меморандумның мақсаты тараптардың отбасы институтын нығайту саласындағы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ құқықтық және консультациялық көмек көрсету, әйелдерге, жастарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар, неке мәселелері бойынша атаулы көмек көрсету, ана болудың оң тәжірибесін насихаттау, сондай-ақ қатысуға ынталандыру болып табылады. Кәсіпкерліктегі жас қыздар, қыздардың адамгершілік және рухани, ұлттық тәрбиесі және халыққа құқықтық білім беру. Қазақстанда отбасылық құқықтық қатынастарды нығайту мақсатында форумдар, конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер бірлесіп өткізу.


