COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Комитет төрағасы

 

Берді Ерасыл Сырымұлы

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

 

 

 

Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі мақсаты

 

Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, студент жастардың көшбасшылық қабілеттерінін арттыру бағытында жұмыс жасайды. Халықаралық Тараз инновациялық институты Жастар ісі жөніндегі комитеті өз қызметін  ҚР «Білім туралы» Заңдарына, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарына, ҚР  Президентінің халыққа Жолдаулары мен  ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасына,  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің жарғылары мен қаулыларына, ректорат пен Ғылыми Кеңес шешімдеріне сәйкес жұмыс атқарады. Университеттің студент жастары өз кезегінде студенттік жиындарға қатысып, әкімшілікке ұсыныстар береді. 

Жастар ісі жөніндегі комитеттің міндеті:

Жастар саясатын жүзеге асыру;

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысына институттың студент жастарының қатысуын қамтамасыз ету;

Интеллектуалдық жəне шығармашылық əлеуетті дамыту, студент жастардың өзін-өзі қалыптастыруына қол ұшын тигізу;

Университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;

Университет жастарының мəселелеріне қатысты сұрақтарға тəжірибелі жəне өзекті шешім табуда жоғарғы органдармен, жастар ұйымдарымен қатынас жасау.

 

Жастардың шығармашылығын арттыру мақсатында университетімізде Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірге бір қатар жастар ұйымдары мен студенттік клубтар жұмыс атқарады. Атап айтатын болсақ:

Жастар ұйымдары:

1. Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы (Студенттік ректорат)

2. «Алтын шаңырақ» студенттердің кіші ассамблеясы

3. "Sherkhan volnnteers" волонтерлар ұйымы

4.Қазақстан студенттер альянс ұйымы

5.Жастар рухы

Клубтар:

1. «Күлтөбе» пікір-сайысшылар клубы

2. Жайдарманшылар клубы

3. «Ізгілік» волонтерлар клубы

4. «Art Фото» фото әуесқойлар клубы

Үйірмелер:

1. "Ақ кербез" бишілер үйірмесі

2. «Талант» студенттік театр үйірмесі

3. Эстрадалық әншілер үйірмесі

4. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі

Орталық:

"Айша" қыздар тәлім-тәрбие орталығы

Студенттік ректор

 

    

Бекәділ Бексұлтан       

 

 

 

 

 

Студенттік ректораттың мақсаттары:

- Университеттің беделін арттыру; 
- Студенттердің оқуға байланысты мәселелерін шешуге жәрдемдесу; 
- Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуына жәрдемдесу; 
- Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау; 
- Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту; 
- Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету; 
- Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Студенттік декандар 
Нұрбек Айнұр
«Педагогика» факультетінің студенттік деканы ҚТ 22-1 тобының студенті
⁠Қанзақ Альбина

«Экономика және бизнес» факультетінің студенттік деканы ЕА 23-1 тобының студенті

Арыстанбек Назым  

«Жаратылыстану» факультетінің студенттік деканы БСЭ 22-3 тобының студенті

Сламбек Жанасыл

«Шығармашылық мамандықтар» факультетінің студенттік деканы ДШ 22-3 тобының студенті

Нұрқожа Нұрай  

«Заң» факультетінің студенттік деканы ҚҚ 22-3 окб тобының студенті