ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ
Орталық туралы
Жасанды интеллект және цифрлық трансформация орталығы — Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, жасанды интеллект шешімдерін енгізуге және университет процестерін цифрландыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі. Орталық ақпараттық жүйелерді, серверлік және желілік инфрақұрылымды сүйемелдейді, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Орталықтың мақсаты
Университеттің оқу, ғылыми және әкімшілік қызметін цифрландыру, бірыңғай цифрлық ортаны дамыту және жасанды интеллект технологиялары арқылы процестердің тиімділігін арттыру.
Негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары
• университеттің оқу, ғылыми және әкімшілік процестерін цифрландыру және автоматтандыру;
• бағдарламалық қамтамасыз ету мен цифрлық сервистерді әзірлеу және жетілдіру;
• жасанды интеллект технологияларын университет қызметіне енгізу;
• ақпараттық жүйелерді интеграциялау және бірыңғай цифрлық ортаны дамыту;
• цифрлық өнімдерді тестілеу, енгізу және сүйемелдеу;
• серверлік және желілік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
• ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және деректерді қорғау;
• деректерді талда, және пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету.

