РЕКРУТИНГ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ

Орынкыз Жолдасова
Орталық жетекшісі
Байланыс телефоны: +7 775 218 7188
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза көшесі, 101A
Орталық құрамы

Өксікбай Балнұр Ержанқызы
маман
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Орталық туралы
Рекрутинг және мансаптық даму бөлімі — білім алушылардың мамандық таңдауынан бастап, кәсіби қалыптасуына және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып жұмысқа орналасуына толық қолдау көрсететін университеттің басты құрылымдық бөлімі.
Негізгі қызмет бағыттары:
Рекрутинг: Мектеп оқушылары мен талапкерлерге мамандық таңдау бойынша кеңес беру, кәсіби диагностикалық тесттер жүргізу, Ашық есік күндерін (Open Days), экскурсиялар мен өңірлік мектептердегі кездесулерді ұйымдастыру.
Тәжірибелік дайындық және мансаптық траектория: Білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуін бақылау, еңбек нарығындағы сұранысқа сай сүйемелдеу және түлектердің кәсіби орнығуына көмектесу. HR-мамандармен сұхбаттасуға дайындық және мансаптық траекторияны айқындау бойынша кеңестер беру.
Іс-шаралар мен кәсіби инсайттар: Бос орындар жәрмеңкелері, «Жұмыс беруші күндері», үздік компания өкілдерімен спикерлік сессиялар мен түлектермен кездесулер арқылы саладағы өзекті трендтер мен нақты тәжірибелік инсайттарды (түсініктерді) бөлісу.
Жұмыс берушілермен серіктестік: Отандық және халықаралық компаниялармен меморандумдарға отыру, серіктес ұйымдардың бос жұмыс орындарын ұсыну, түлектердің жұмысқа орналасу мониторингін жүргізу.
Оқыту және дамыту: Студенттердің soft skills (қарым-қатынас, көшбасшылық, тайм-менеджмент) дағдыларын дамыту, сарапшылардың қатысуымен шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастыру.
«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторы. «Түлектер ассоциациясы»
Сектор атқаратын жұмыстар:
- жұмыс іздеушілердің, жұмыс берушілердің, әріптестердің ынтымақтастық туралы шарт жасасу жөніндегі дерекқорын құру, қолдау және дамыту;
- түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды орналастыруда әлеуметтік желіні (Instagram, Whatsapp, facebook), университет сайттарын пайдалану (htu.edu.kz.);
- түлектердің түйіндемелерін орналастыру үшін enbek kz сайтын пайдалану;
- университет қабырғасында алған білімдеріне қанағаттану және түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері туралы ақпарат алу мәселелері бойынша өткен жылдардағы түлектермен өзара байланыс орнату;
- өтінімдерді қабылдау, тапсырыс беруші кәсіпорындарды консультациялық сүйемелдеу;
- тапсырыс беруші кәсіпорынның талаптарына сәйкес кандидаттардың жеке сипаттамаларын бағалау негізінде кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыс жүргізу;
- жұмысқа орналастыру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- түлектердің жұмыс берушілермен байланысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, Түлектер жәрмеңкесі, Бос орындар жәрмеңкесі).
- түлектерді Бос орындар жәрмеңкелеріне қатысуын қамтамасыз ету және хабарландыру;
- түлектерге олардың мансабын басқару және дамыту, ұйымға бейімделу мәселелері бойынша кеңес беру;
- сауалнама негізінде білім алушылар мен түлектердің кәсіби, іскерлік, моральдық, психологиялық қасиеттерін зерттеу;
- жұмыс берушілердің түлектердің кәсіпқойлық деңгейіне, университеттегі білім сапасына қанағаттануын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу.
«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторы студенттерді болашақ мансап құруға дайындау әрі бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Біз жұмысқа орналасу мүмкіндігін сараптау, жұмыс берушілермен байланыс орнату және студенттерді еңбек нарығына бағыттау үшін студенттермен бірінші күннен бастап тығыз жұмыс істейміз.
Студенттерге уақытын оңтайлы үнемдеуге және жұмысқа орналасу мүмкіндігін жақсартуға, сондай-ақ талпыныстары, идеялары мен жоспарларын анықтауға бағытталған жеке нұсқаулық сабақтар өткізіп әрі даму салаларын айқындауға жол ашамыз.
Оқу жылы аясында біздің сектор сізге мансап құруға қалай көмектеседі:
-кәсіби бағдарлы кеңестер — өзіңіздің мықты жақтарыңызды қалай табуға болады;
-басқалардан ерекшелендіретін түйіндеме құрастыру мен ілеспе хаттар жазу бойынша семинарлар мен тренингтер;
-кәсібиден тыс құзіреттіліктерді дамыту — неліктен тек кәсіби дағдыларды дамытқаннан басқа да дағдыларды дамыту маңызды;
-іскерлік әдеп бойынша сабақтар;
-жұмыс берушілермен кездесулер;
-дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысу.
«Бізбен бірге өз мансабыңды құруды бүгіннен баста»
