COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Стратегиялық бағыт 3. «Университеттің үшінші миссиясын жүзеге асыру» Тұрақты даму мақсаттарын есепке алғандағы студенттердің бастамашылдығын және әлеуметтік белсенділігін дамыту бағыты бойынша міндеттер:

 

1. Студенттердің университеттің әлеуметтік, мәдени және академиялық өміріне қатысу мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету

ТДМ 4: Сапалы білім; ТДМ 10: Теңсіздікті азайту

 

2. Студенттік клубтар, шығармашылық бірлестіктер, волонтерлік және спорттық қозғалыстарға қолдау көрсету арқылы жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау

ТДМ 3: Мықты денсаулық пен әл-ауқат; ТДМ 16: Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар

 

3. Студенттерді тұрақты дамуға, экологиялық ағартуға және әлеуметтік инклюзияға бағытталған жобаларға тарту тәжірибесін кеңейту

ТДМ 13: Климаттың өзгеруімен күрес; ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен тұрғылықты пункттер

 

4. Студенттік өзін-өзі басқаруды демократиялық қатысу мен азаматтық жауапкершілік институты ретінде дамыту

ТДМ 16: Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар

 

5. Студенттердің спорттық бастамаларын қолдау және инфрақұрылым мен жаппай спортпен шұғылдануды дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау

ТДМ 3: Жақсы денсаулық пен әл-ауқат

 

6. Жатақханалар мен кампустың барлық территориясында инклюзивті әрі қауіпсіз білім беру ортасын құру

ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен тұрғылықты пункттер; ТДМ 5: Жыныстық теңдік

 

7. Волонтерлік қызметті дамыту және студенттердің өңірлік және халықаралық әлеуметтік жобаларға қатысуын арттыру

ТДМ 17: Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік