COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости

Новости

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде тәрбиелік маңызы зор шара өтті. Акт залында өткен жиынға университет пен колледж студенттері қатысып, ел рәміздерінің мәні мен маңызы жайлы тағылымды мәлімет алды.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен салтанатты түрде басталды. Бәрі бір кісідей орнынан тұрып, жүрек тұсына қол қойып, Отанға деген құрметін көрсетті.

 

 

Одан кейін сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова студенттерге арнайы лекция оқыды. Лекция барысында ол Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихына кеңінен тоқталып, олардың әр элементінің мағынасы туралы жан-жақты мағлұмат берді.

«Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігін, ұлттық болмысын, бірлігін білдіретін қасиетті белгілер. Әрбір азамат рәміздерге құрметпен қарап, оның мәнін терең түсінуі тиіс», – деді Гүлшат Құлабекова өз сөзінде.

Проректор лекция барысында рәміздердің қашан, қандай жағдайда қолданылатыны, оларға қатысты заң талаптары, сондай-ақ тарихи кезеңдерде орын алған қызықты деректер жайлы да айтып өтті.

Лекция тәрбиелік мазмұнымен қатар, жастардың патриоттық рухын көтеріп, елдік сана мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды.