Университет пен Адам құқықтары жөніндегі өкілдік арасында меморандум жасалды

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында тараптар адам құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге бағытталады.

Меморандум университет пен өкілдік арасындағы әріптестікті нығайтып, білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға негіз болары сөзсіз.

25 Нояб 2026
17