COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхантану ғылыми-зерттеу институты

Кембаева Айнұр Тұрарқызы

институт директоры, PhD

Байланыс телефоны: +7 777 170 4185, +7 777 085 0401

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Ш.Мұртаза көшесі, 101А, 3 қабат

Институт туралы

 

Орталық 2009 жылдың 29 сәуірінен бастап жұмыс жүргізуде.

Орталық  директоры,  өмірбаяны: Кембаева Айнұр Тұрарқызы – 1999-2003 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Әлем тілдері» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік аяқтаған.

2004 жылы  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Филология» мамандығы бойынша магистратурасын  үздік аяқтаған. Ф.ғ.д., профессор, Мемлекетік сыйлықтың иегері М.Мырзахметұлының  жетекшілігімен «М.Х.Дулатидың «Жаһаннама» дастанының көркемдік-тақырыптық ерекшелігі»  тақырыбы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап, филология магистрі дәрежесін алды.

2025 жылдың 23 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «8D02307 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Тілдік тұлғаның ұлттық-мәдени феномені (Ш.Мұртаза шығармашылығы бойынша)» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD доктор дәрежесін алды.

2004-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы.

2009-2011 жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Филология» кафедрасының аға оқытушысы.

2011 жылдан «Шерхантану» орталығының директоры қызметін атқаруда.

2013 жылы – Аймақтық Менеджмент Академиясының доценті.

2016 жылы – Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі».

Өзінің педагогикалық және ғылыми шығармашылық  жолында 60-қа жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланып, жарыққа шықты. Оның ішіндегі ең бастылары: 2006 жылы жарыққа шыққан «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» атты көмекші оқу құралы, 2018 жылы жарық көрген «Шерхантану» оқу құралы, «Қазақтың Шерағасы» атты көптомдық шығармалар жинағының редакциялық алқасының негізгі мүшелерінің бірі. 

 

Институт мақсаты мен міндеттері

 

Институттың  мақсаты:

2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан құрылған Шерхантану ғылыми-зерттеу институтының мақсаты туған өлкеміздің түлегі, ел мақтанышы, Халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның шығармашылығын насихаттау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлы зерттеу жұмыстарын жүргізу, жазушының шығармашылығын зерттеуші ғалымдармен байланыс орнату және олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады. 

Институттың басты міндеттерінің бірі – жазушының  шығармашылық зертханасына қатысты маңызды материалдарды жинастыру, танымал туындыларының жазылу жайына, жазушылық енбегіне, шеберлік-ізденіс жолдарына байланысты өзге де тың мәліметтер жинақтау  және оны редакциялап, жарыққа шығару. Зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, студенттер мен магистранттарды  ғылыми жұмысқа баулу болып табылады. Осыған орай, студенттерге Ш.Мұртазаның шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасы бойынша курстық, дипломдық, магистрлік жұмыстардың тақырыптары ұсынылады, белгілі жазушылардың және жергілікті қаламгерлердің қатысуымен студенттер мен магистранттарға арналған «Шерхан Мұртаза сабақтары» ұйымдастырылады. 2014 жылдан бері республикалық ғылыми-шығармашылық «Ш.Мұртаза оқулары» ұйымдастырылып  өткізіледі. Нақты айтатын болсақ, институттың негізгі міндеттері: 

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, дипломдық, магистрлік диссертацияларға жетекшілікі жасау;

- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар бойынша (НИОКР) «Орта білім беру ұйымдары үшін Шерхан Мұртаза шығармаларының цифрлық мазмұнын даярлау» тақырыбында жұмыстар жүргізу;

- Мұрағатпен жұмыс жасау, редакциялап, жарыққа шығару;

- «Қазақтың Шерағасы» көптомдық жинағын жарыққа шығару;

- Шерхантану курсы бойынша мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру (орта мектептердегі элективті курстарды рецензиялау);

- «Тұлғалар алаңы» жобасын жүзеге асыру;

- Аударма жұмыстарымен айналысу;

- Республикалық ғылыми-шығармашылық «Ш.Мұртаза оқулары» байқауын ұйымдастыру, «Ректор грантының иегерін» нақтылау;

- «Шерхан стипендиясына» үміткерлерді конкурс негізінде бекітуге ұсыныс жасау;

- Ш.Мұртазаның «Адал азамат» кодексін бекіту;

- Жас шерханшыларды тәрбиелеу;

- Жалпы білім беретін орта мектептермен жасалған ынтымақтастық негізінде бірлескен іс-шаралар өткізу.

- Институттың  жұмысы Халық жазушысы Ш.Мұртаза шығармашылығын зерттеумен шектелмейді, бүгінгі әдеби процесс, сонымен қатар облыс көлеміндегі әдеби-тарихи тұлғаларды, белгілі бір тарихи жағдайды бейнелейтін халықтық туындыларды зерттеумен, жалпы әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерімен де айналысады.

 

Институт жетістіктері

 

Кітап оқымайтын кемеңгерлер көбейген кезеңде Шераға шығармаларының шырыны өскелең ұрпақтың бойына қуат, жанына азық болары анық. Университет жанынан құрылған Шерхантану ғылыми-зерттеу институтының ашылу сыры да осы. Қаламгердің Қаратаудай қазыналы қойнауына терең бойлап, болмысын тану, асқаралы абыройын асыру.

2009 жылы ашылған Шерхантану ғылыми-зерттеу орталығы бүгінгі күнге дейін біраз тірлік атқарды. Қазақтың Шерағасы» атты көптомдық шығармалар жинағы жарыққа шығып, 1-кітабы 2010 жылы 1000 данамен жарыққа шығып, биылғы жылы бұл жинақтың саны 12 томға жетті. Орталықта жинақталған мұрағаттық дүниелері негізінде 3 фотоальбом орталық қорын толықтырды. Сонымен қатар, тұңғыш рет «Бір кем дүние» философиялық шығармасының 2-ші кітабы 1000 данамен жарыққа шықты. 80 жылдық мерейтойына орай библиографиялық көрсеткіші, «Шерхан Мұртаза шығармашылығы және қазақ руханияты» тақырыбындағы республикалық конференцияның 3 жинағы, «Тәуелсіздік жолы», «Тарихқа тағзым» атты жас ақындар шығармашылығының 5 жинағы және ең бастысы Қазақстанда тұңғыш рет «Шерхантану»  атты оқу құралы жарыққа шықты. Осыған байланысты, Шерхантану  ғылыми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен 2018 жылдан бастап Жамбыл облысының көптеген мектептерінде «Шерхантану» курсы енгізіліп, оқытылуда.

Жазушы шығармаларын насихаттай отырып ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру, шығармашылық шеберлігінің қыр-сырын ашу жас жеткіншектер үшін «Шерхан әлеміне» апарар жолдың бастауы болмақ. Жақсылардың жетелі ойына қызығатын жастар Шерхан шығрамшылығына ден қоятындығы қуантады. Жылдағы дәстүр бойынша 1-курс студенттері үшін институт арнайы таныстыру кешін ұйымдастырып, сөз өнері мен ғылымға жақындарын іріктеп алады. Студенттер үшін Шерхантану ғылыми-зерттеу институты білім мен ғылымның, сөз өнерінің, іздену мен еңбектің таптырмас мекені. Орталық үнемі түрлі тақырыптағы іс-шаралар, байқаулар, мүшәйралар, айтыс, кездесулерді жоспарлап, өткізіп отырады. Олардың көпшілігі университет өміріне бейімделу үшін 1 курс студенттеріне арналады. Мұндай байқаулардан жүлделі орындарды иеленген студенттер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, ең бастысы институтпен тығыз қарым-қатынас жасап, жазушы шығармашылығына терең бойлаған студент үшін «Шерхан стипендиясы» тағайындалады.

Институттың негізгі міндеттерінің бірі - студенттерді ғылыми жұмысқа баулу болып табылады. Студенттерге Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы бойынша курстық, дипломдық, магистрлік жұмыстардың тақырыптары ұсынылады. Қазіргі күнге дейін 20-ға жуық дипломдық және 5 магистрлік диссертациялар және 1 докторлық диссертация сәтті қорғалды.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті білім беру бағытында кешенді жұмыстарды жүзеге асырып келеді, ауқымды жобалардың қатарында  Шерхантану ғылыми-зерттеу институтының да жұмысы жандана түспек. Жоспарлы жұмыстар өскелең ұрпақтың үлесі биік, санасы сергек, танымы кең болуына жолашары анық.

Қилы заманның қиындығын көрсе де, жалған атақ пен жағымпаздыққа бой алдырмаған шерлі жазушының шығармалары бүгінгі буынның шамшырағы секілді. «Ай мен Айшаны» астастырып, «Қызыл жебені» қорамсақтан суырып, «Қара маржанды» қазынаға айналдырып, «Тамұқтан» жол тапқан жазушы «Бір кем дүниені» келер ұрпақ түгендесе екен дейді. Сол кемшіліктерді түгендей білетін жастарды - жас шерханшыларды тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыз.

 

Институт қызметкерлері

 

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы 

ғылыми қызметкер, ф.ғ.д., профессор

Байланыс телефоны: +7 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы 

ғылыми қызметкер, ф.ғ.к, доцент

Байланыс телефоны: +7 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Бекназаров Бахтияр Арманұлы 

«Әдебиеттану» бөлімі: бөлім жетекшісі

Байланыс телефоны: +7 705 117 2750

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Байсақалова Жадыра Манатқызы 

ғылыми-зерттеу институтының жетекші  маманы

Байланыс телефоны: +7 777 085 0401

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Киртаева Шолпан Тұрсынғалиқызы 

ғылыми-зерттеу институтының бас маманы

Байланыс телефоны: +7 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

2011-2025 жылдар аралығында орталықтан әзірленіп, жарыққа шыққан ғылыми-әдістемелік еңбектер мен жинақтар

 

Бір кем дүние

Шерхан Мұртаза Библиографиялық көрсеткіш

Шерхантану Оқу құралы

 

"Қазақтың Шерағасы" - 1 том

"Тәуелсіздік толғамдары" - 2 том

"Шалғайдан сәлем жолдаймын" - 3 том

Ш.Мұртазаның публицистикасы - 4 том

Ш.Мұртазаның публицистикасы - 5 том

"Қазақтың Шерағасы" - 6 том

"Тәуелсіздік жылдарындағы драматургия" - 7 том

Ш.Мұртазаның публицистикасы - 8 том

"Зау тұлға" - 9 том

"Жұлдызы нұрлы суреткер" - 10 том

"Қазақтың Шерағасы" - 11 том

 

"Ай мен Айша" - 1 том

"Ай мен Айша" - 2 том

"Қара маржан" - 3 том

"Әңгімелер" - 4 том

"Шерағаның шыңы" - 5 том

Ереже

 

Ереже

Конференциялар

 

2026 жылдың 4 наурызында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына және 12-сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күніне орай «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім берудегі трансформациялар мен жаңаша ізденістер» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына  қатысуға шақырамыз.➟ (Бағдарламасы) ➟(Материалдары)

 

Іс-шаралар

 

"Шерхан Әлемі - Sherkhan World" облыстық шығармашылық фестивалінің Ережесі / Марапаттары