Құқықтық саладағы ынтымақтастық: жаңа меморандумға қол қойылды

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында тараптар құқықтық саладағы өзара байланысты нығайту, тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар мен кәсіби бағыттағы кездесулер ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық орнатпақ.
Бұл әріптестік білім беру мен құқық қорғау саласының өзара байланысын арттырып, студенттердің кәсіби дамуына және тәжірибелік білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

25 Қараша 2026
19