«Киберқауіпсіздік және интернет-алаяқтардан қорғану»

23 қараша күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде АКТ кафедрасының ассистенті Шарапов Нұрғиса Нұралыұлы «Киберқауіпсіздік және интернет-алаяқтардан қорғану» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: студенттерді қазіргі таңдағы интернет желісіндегі қауіп-қатерлерден сақтандыру және олардың алдын алу.
Кездесу барысында мына мәселелер талқыланды:
- деректерді қорғаудың негізгі қағидалары;
- алаяқтардың психологиялық қысымына төтеп беру жолдары;
- қауіпсіз күнделікті өмірдің 4 алтын ережесі.
Белсенді қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!
Цифрлық қауіпсіздік — әрқайсымыздың сақтығымыздан басталады.

23 Қараша 2026
23