«Sherkhan Students Party» – студенттік шақтың ұмытылмас кеші!

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Sherkhan Students Week» апталығының қорытынды кеші – «Sherkhan Students Party» мерекелік шарасы өтті.
Кеш барысында университет ректоры студенттерді мерекемен құттықтап, бір апта бойы ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындылады.
Салтанатты кеш аясында «Sherkhan Unity Games» халықаралық көңілді старт ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Сонымен қатар «Менің студенттік өмірім» атты «ҮЗДІК ПОСТ» байқауының үздіктері де арнайы марапаттарға ие болды.

Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күйге, жарқын эмоцияларға және ерекше сәттерге толы болды. Осылайша, Халықаралық студенттер күніне арналған апталық студенттердің басын қосқан, есте қаларлық мерекелік кешпен қорытындыланды!



18 Қараша 2026
20