COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Еңбегі еленген ерен тұлғалар

 

«Экономика және бизнес» факультетінің деканы, 6D051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығынан бейіні бойынша докторы Жарас Алпысбаевич Куатбеков Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бұл жоғары марапат Жарас Алпысбаевичтің көп жылғы адал еңбегін, кәсібилігін және білім мен ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесін лайықты мойындау болып табылады.

Ж.А. Куатбеков «Экономика және басқару» кафедрасының мүшесі, 40-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 оқу құралы мен 3 монографияның авторы. Оның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік басқаруды жетілдірумен және экономикалық тиімділікті арттырумен байланысты.

 

Ш.Мұртаза атындағы Халыхаралық Тараз университеті «Экономика және басқару» кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Ғали Жұмабайұлы Исақов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл құрметті марапат Ғали Жұмабайұлының көп жылғы адал еңбегін, жоғары кәсібилігін және жоғары білімді, экономикалық ғылымды дамытуға және білікті мамандар даярлауға қосқан елеулі үлесін лайықты мойындау болып табылады.

Ғ.Ж. Исақов 70-ке жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ғылыми зерттеулері экономика мен менеджменттің өзекті мәселелеріне, өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ экономикалық және басқарушылық бағыттағы мамандарды даярлауды жетілдіруге арналған.

 

«Экономика және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), э.ғ.к. Джолдасова Орынкыз Копбосыновна  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 1409 бұйрығына сәйкес «Қаныш Сәтбаев» ведомстволық медалімен марапатталды.

Бұл құрметті марапат оның көп жылғы адал еңбегін, жоғары кәсібилігін және отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына қосқан елеулі үлесін лайықты мойындау болып табылады.

30 жыл бойы Орынкыз Копбосыновна білім және ғылым саласында жемісті еңбек етіп, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып келеді. Оның кәсіби қызметі білім беру сапасын жетілдіруге, ғылыми әлеуетті дамытуға, жас мамандарды қолдауға және Қазақстанның білімді және құзыретті азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған.