COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ел болашағына бағытталған жолдау: өзекті мәселелер талқыланды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

 

 

 

Жиынға Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Малтабар Жаманбаев және университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова қатысты.

 

 

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру жүйесін жетілдіру, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, жастардың әлеуетін арттыру және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатын нығайту бағыттары кеңінен талқыланды.