Ғылымдағы жаңа жетістік: университет ғалымының зерттеуі халықаралық деңгейде танылды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Педагогика факультеті қуанышты жаңалықпен бөліседі.
Факультетіміздің «Шетел тілдері» кафедрасының ассистент-профессоры, PhD Аблаева Мөлдір Қабылқызының “Teacher appraisal in Kazakhstani secondary schools: between professional learning and accountability” атты ғылыми мақаласы халықаралық рецензияланатын Teacher Development журналында жарияланды.
Журналдың 2025 жылғы көрсеткіштері:
• Scopus CiteScore — 2.5
• Scopus квартилі — Q2
• Journal Impact Factor — 1.3
• 5-year Impact Factor — 1.6
• SJR — 0.502
• SNIP — 1.011
Зерттеуде Қазақстандағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін аттестаттау үдерісі және оның педагогтердің кәсіби білім алуы мен дамуына ықпалы қарастырылған.
Сұхбат, бақылау және құжаттарды талдау нәтижелері аттестаттаудың кәсіби даму, есептілік және мансаптық өсу мақсаттарын біріктіретін кешенді механизм екенін көрсетті. Зерттеу мұғалімдердің аттестаттау талаптарын өздігінен білім алу мен кәсіби дамудың мүмкіндігіне айналдыра алатынын анықтады. Сонымен қатар, аттестаттаудың жоғары жауапкершілікке негізделген сипаты құжат жинауға шамадан тыс көңіл бөлуге және педагогтер арасында бәсекелестіктің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Мақала мұғалімдерді бағалау жүйесін олардың үздіксіз және тұрақты кәсіби дамуын қолдайтындай етіп жетілдіруге маңызды үлес қосады.
Аблаева Мөлдір Қабылқызын осы ғылыми жетістігімен құттықтаймыз! Ғылыми-зерттеу қызметіне табыс, жаңа идеялар мен халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктер тілейміз!
Мақаламен танысу: https://doi.org/10.1080/13664530.2026.2740003
Ғылым және инновация басқармасы

05 Қараша 2026
393