Қазақ өнері әлемге танылуда!

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «6В01405 – Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасының сеньор-лекторы Раушан Қуатбекова мен КЕС 23-1 тобының 4-курс студенті Марьяна Жаңаберген «Жүнмен жазылған тарих» ұлттық жобасына үлес қосты.
Қазақстанның әр өңірінен жиналған ұстаздар мен шәкірттер жасаған 500-ден астам туынды GBR – Global Book of Records халықаралық рекордтар кітабына «Қой жүнінен жасалған картиналардың әлемдегі ең үлкен жинағы (500 туынды)» санаты бойынша енді.
Әрбір туындыда туған жердің тарихы мен табиғаты, ұлттық нақышы және халқымыздың рухани мұрасы көрініс тапқан. Бұл жетістік – еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздар мен білім алушылардың ынтымағы, шеберлігі және ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігінің жемісі.
Әрбір жіпте – тарих, әрбір өрнекте – тағылым, әрбір туындыда – ұлт рухы!


02 Қараша 2026
216