COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Жамбыл облысында ғылыми инновацияларды дамыту мәселелері талқыланды

 

2026 жылғы 22 қазанда Жамбыл облысында ғылым мен инновацияны дамыту, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу және ғылыми жобаларды қаржыландырудың басым бағыттарын айқындауға арналған Ғылым жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

 

 

Іс-шара аясында қатысушылар «Жамбыл облысының ғылыми жетістіктері» инновациялық жобаларының көрмесімен танысты. Сонымен қатар өңірдегі ғылым мен инновация саласының қазіргі жағдайы, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және университет, бизнес пен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

 

 

Отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Айжан Жексембаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры Ләззат Еркінбаева, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков және басқа да сала өкілдері қатысты.

 

 

Жиын барысында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков «Өңірлік университет жағдайында аграрлық ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада аграрлық ғылымның әлеуетін арттыру, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу және өңірлік университеттердің инновациялық дамудағы рөліне назар аударылды.

 

 

Сонымен қатар отырыста ғылыми жобаларды қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мәселелері қарастырылды. Іс-шара соңында қатысушылар өзекті сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.

 

 

Жиын өңірдің ғылыми әлеуетін дамытуға, инновациялық бастамаларды қолдауға және ғылыми ұйымдар мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.