Білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығының сабақтастығы талқыланды

2026 жылғы 21 қазанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Шығармашылық мамандықтар факультетінде «Жұмыс берушілердің талаптары мен университеттің білім беру бағдарламалары арасындағы сабақтастық» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек нарығының сұраныстары мен білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзара үйлестіру, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Дөңгелек үстел барысында еңбек нарығының заманауи талаптары, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, теориялық білім мен практикалық дағдылардың сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты дамыту, жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде қолдану, өндірістік және педагогикалық практиканың тиімділігін арттыру бағыттарына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасты. Кездесу қорытындысында білім беру сапасын арттыруға және мамандарды еңбек нарығының нақты талаптарына сай даярлауға бағытталған бірқатар ұсыныс айтылды.

22 Қазан 2026
189