«Аталар жолы – ұрпаққа аманат»: ұрпақтар сабақтастығы дәріптелді

2026 жылғы 30 қыркүйекте Халықаралық қарттар күні мен Еңбек күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Аталар жолы – ұрпаққа аманат» атты тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буынның өмірлік және кәсіби тәжірибесін жастарға насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еңбекті қадірлеу, үлкенге құрмет көрсету және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Кездесу барысында аға буын өкілдері өздерінің өмір жолы, еңбек тәжірибесі мен кәсіби қызметі туралы әңгімелеп, жастарға ақыл-кеңестерімен бөлісті. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек жолында жинақталған мол тәжірибеден тағылым алды.

Басқосуда еңбекқорлық, жауапкершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет және елге қызмет ету сынды құндылықтардың маңызы кеңінен сөз болды.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында еңбекке деген құрметті қалыптастырып қана қоймай, аға буын мен жастар арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Өмірлік тәжірибесі мол аға буынның өнегелі жолы – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін құнды мұра.

01 Қазан 2026
132