COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Sherkhan Fest 2026: өнер мен талант тоғысқан үлкен дода

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерлі жастардың басын қосқан SHERKHAN FEST-2026 шығармашылық байқауы жоғары деңгейде өтті.

 

 

Университеттің 5 факультетінен өнерлі студенттер қатысып, өздерінің шығармашылық әлеуеті мен сахналық шеберлігін ортаға салды. Бір сахнада бас қосқан жастар көрерменге түрлі бағыттағы өнерлерін ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады.

 

 

Байқау 10 номинация бойынша ұйымдастырылып, әр факультет өз өнерін жан-жақты таныстырып, үздік нәтиже көрсетуге талпынды. Қатысушылар вокал, би, сахналық қойылым және басқа да шығармашылық бағыттар бойынша өнер көрсетті.

 

 

Қорытынды бойынша Шығармашылық мамандықтар факультеті бірқатар номинацияда үздік атанып, жоғары нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар байқау барысында түрлі номинациялар бойынша ерекше өнерімен көзге түскен студенттер марапатталды.

 

 

SHERKHAN FEST – студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға, жаңа таланттарды анықтауға және жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды мәдени алаң.

 

 

Шара соңында барлық қатысушыларға белсенділігі, ізденісі және өнерге деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіріліп, шығармашылық жолдарына сәттілік тілінді.