COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Ұлттық қор – балаларға»: студенттерге бағдарламаның мүмкіндіктері түсіндірілді

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттерге «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге «Отбасы банк» өкілдері қатысып, жастарға бағдарлама аясында Қазақстан азаматтарына есептелетін қаражат, оны тексеру жолдары және 18 жасқа толғаннан кейін пайдалану мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірді.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан азаматтарына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызын есептеу арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады.

 

 

Кездесу барысында студенттерге 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға бағыттауға болатыны айтылды. Сонымен қатар тұрғын үй мақсатында қаражатты «Отбасы банк» арқылы пайдалану тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара барысында студенттер өздеріне есептелген қаражатты тексеру жолдарына қатысты ақпарат алып, бағдарлама мүмкіндіктері жөнінде сұрақтарына жауап алды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру.