Дәстүрлі республикалық «XI Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті

28 қыркүйек Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның туған күніне орай дәстүрлі республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті.
2016 жылы Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласынан бастау алған тағылымды білім додасы бүгінде республикалық деңгейге көтеріліп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын арттырып келеді. Байқаудың басты ерекшелігі – жас ұрпақтың Шерхан Мұртазаның мол әдеби мұрасын танып-білуіне, қаламгердің азаматтық болмысын терең зерделеуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік беруінде.

«Шерхан Мұртаза оқулары» Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Шерхантану ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен қолға алынып, бүгінде Тараз қаласы Білім бөлімі және Жамбыл облысы Білім басқармасына қарасты «Жамбыл дарыны» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Байқаудың негізгі мақсаты – қазақтың халық жазушысы Шерхан Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен таныту, қаламгер мұрасының тәуелсіз Қазақстанның руханиятындағы маңызын зерделеу, сондай-ақ жас ұрпақтың әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.

Биылғы «ХІ Шерхан Мұртаза оқуларының» ашылу салтанатында университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, тағылымды шараның жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды. Ректор қатысушыларға шығармашылық ізденіс пен білім додасында сәттілік тілеп, Шерхан Мұртаза мұрасын дәріптеудің маңызын атап өтті.
Байқау биыл төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір», «Рух пен намыстың төресі», «Зау тұлға» және «Ш.Мұртаза мұрасы» номинациялары бойынша Тараз қаласының мектеп оқушылары өзара бақ сынасты.

Қалалық кезеңге барлығы 64 оқушы қатысып, Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен өмір жолына қатысты білімдерін, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

«Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» номинациясы бойынша:
1 орын – Әбілда Альбина, №53 мг.
Ержекеева Ақнұр, №49 мг
2 орын – Жаңабек Нұрсыйла, №43
Әбден Маржан, Жас Tamir School
3 орын – Кеңесбек Аяулым, Б.Бесбаев ат.мг.
Есболған Аяулым, А.Макаренко ом.
Бейсенәлі Айзере, Ш.Мұртаза ат.мг
Абдрахман Альбина, №8 мг
«Зау тұлға» номинациясы бойынша:
1 орын – Қайратбек Әдемі, №46 ом
Рахимжанов Жан, №41 мг.
Атабек Кәусар, №66
2 орын – Амантай Ақбота, Амангелді ат.ом.
Аманбай Шахизат, №70 ом.
Оразбек Мерей, №66 ом.
3 орын – Гуляева Дарья, №24 гимн.
Кетебай Мақпал - №59

«Рух пен намыстың төресі» номинациясы бойынша:
1 орын – Усербаев Абылай, №47 ом
Рустамқызы Әсем, №59
2 орын – Көпбосын Іңкәр - №51 ом
Ален Айша, №29 ом
3 орын – Асубай Шұғыла - №70 ом
Рысқұл Айғаным, №71 мг
Жұмағали Аида - №40
«Шерхан Мұртаза мұрасы» номинациясы бойынша:
1 орын – Қаратай Нұргүл, №66 ом
Нұрлан Шұғыла, №11 ом
2 орын – Каймекина Ақбота, №23 ом
Жамбыл Айбек, №39 мг
Құрманғазы Гүлфайруз, №1 гимн.
3 орын – Тажигулова Айғаным, №69
Жұматай Нұрсезім, №59 ом

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал бірінші орын иегерлері «Шерхан Мұртаза оқуларының» облыстық кезеңіне жолдама алды.
«Шерхан Мұртаза оқулары» – қаламгер мұрасын жас ұрпаққа насихаттап қана қоймай, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын маңызды білім алаңы.

29 Қыркүйек 2026
127