Университет өкілі IV орталық Азия неміс тілі оқытушылары форумына қатысты

2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде IV Орталық Азия неміс тілі оқытушылары форумы өтті. Биылғы форум «Орталық Азиядағы неміс тілі: білім, инновация және ынтымақтастық» тақырыбына арналды.
Халықаралық форумға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының өкілі Дүйсенова Назым Тұрсынбайқызы қатысып, форум бағдарламасы аясындағы «Қазақстан мектептеріне арналған неміс тілі оқулықтарының заманауи ұлттық желісі» тақырыбындағы Мектеп форумының модераторы болды.
Форум Германия және Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары, білім беру ұйымдары мен халықаралық институттары өкілдерін бір алаңға жинады. Бағдарлама аясында Орталық Азиядағы неміс тілінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, көптілділік, академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары, цифрлық дәуірде неміс тілін оқыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар параллель тақырыптық сессиялар, мектеп форумы, практикалық шеберлік сабақтары мен әдістемелік кездесулер ұйымдастырылып, қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік алды.
Н. Дүйсенованың халықаралық форумға қатысуы университеттің халықаралық академиялық ынтымақтастығын дамытуға, шетелдік білім беру ұйымдарымен кәсіби байланыстарды нығайтуға және тілдік білім беру саласындағы озық тәжірибелерді зерделеуге бағытталған жұмыстардың жалғасы болып табылады.

28 Қыркүйек 2026
170