ChatGPT Edu жобасы таныстырылды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ChatGPT Edu жобасының мүмкіндіктерін таныстыруға арналған көшпелі семинар өтті.

Аталған іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның операторы – Bilim UpSkill.

Іс-шара барысында платформаның білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктері, лицензияларды белсендіру және пайдалану тәртібі таныстырылды.

Жоба аясында университетке ChatGPT Edu платформасын пайдалануға 412 лицензия берілді.

Бұл – жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне енгізу және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған маңызды қадам.

25 Қыркүйек 2026
129