Шерхан Мұртаза университетінің студенттері Жапонияда өтіп жатқан Азия чемпионатында ел намысын қорғауда

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері халықаралық спорт аренасында Қазақстанның намысын қорғауда. Қазіргі таңда Жапонияда су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатына университетіміздің «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің студенттері Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп жатыр.
Аталған байрақты бәсекеге университетіміздің төрт студенті:
- Воронцова Ольга – ФКС 23-2 тобының 4 курс студенті;
- Наурызбаева Камила – ФКС 23-2 тобының 4 курс студенті;
- Дружинина Юлия – ФКС 23-2 тобының 4 курс студенті;
- Озкая Алина – ФКС 26-2 тобының 2 курс студенті.
Азия чемпионаты — құрлықтың үздік спортшылары бас қосатын маңызды халықаралық жарыстардың бірі. Жарыс барысында спортшылар жоғары дайындықтарын, командалық ұйымшылдықтарын және кәсіби шеберліктерін көрсетіп, өз елдерінің абыройын қорғауда.
Университет студенттерінің Қазақстан құрамасы сапында халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысуы — олардың спорттағы жетістіктерінің және жүйелі дайындықтарының нәтижесі. Сонымен қатар бұл — оқу ордасында студенттердің спорттық қабілеттерін дамытуға, олардың республикалық және халықаралық додаларға қатысуына жасалып отырған мүмкіндіктердің маңызды көрсеткіші.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұжымы студент-спортшыларымызға жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, үлкен белестерді бағындыруға тілектестік білдіреді.
Жапониядағы Азия чемпионатында Қазақстанның көк туын көкке көтеріп жүрген спортшыларымызға сәттілік!

17 Қыркүйек 2026
129