KPI рейтингінің қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) 2025–2026 оқу жылындағы KPI рейтингінің қорытындысы шығарылып, үздік көрсеткішке қол жеткізген 18 оқытушы марапатталды.
Айта кетейік, университетте профессор-оқытушылар құрамын ынталандыруға бағытталған «Профессор-оқытушылар құрамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің жүйесі (KPI) туралы Ережеге» сәйкес бағалау жүйесі 2022–2023 оқу жылынан бері табысты жүзеге асырылып келеді.
Ереженің сәйкес профессор-оқытушылар құрамының жалпы жетістіктері екі санат бойынша бағаланды:
- профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ассистенті;
- сеньор-лектор және ассистент.

2025–2026 оқу жылының KPI рейтингі бойынша үздік үштік:
- Карынбаев Аманбай Камбарбекович
- Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы
- Онгарбаева Марал Бүркітбайқызы

KPI жүйесі – профессор-оқытушылар құрамының кәсіби жетістіктерін әділ бағалап, ғылыми-зерттеу, білім беру, тәрбие және қоғамдық қызметтегі белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды құрал.
Шерхан университеті жоғары нәтиже көрсеткен барлық әріптестерді құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!

09 Шілде 2026
279