COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті

 

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Қалдықтарды басқару: қайта өңдеу, компосттау және қалдықтарды азайту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

 

Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды тиімді басқару мәселелеріне қоғам назарын аудару және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау. Жиынға экология саласының мамандары, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

 

 

Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу, компосттау, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдері, табиғатты қорғау мен тұрақты даму бағытындағы бастамалар талқыланды. Сонымен қатар Enactus Sherkhan командасының мүшелері экологиялық жауапкершілікті арттыруға арналған жобаларын таныстырып, жастардың қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді рөліне тоқталды.