COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Жылдың белсенді студенттері марапатталды

 

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша университетімізде Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жылдық есеп беру жиыны өтті.

 

 

Кездесу барысында бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар сараланып, студенттік өмірді дамытуға бағытталған жобалар мен бастамалардың нәтижелері қорытындыланды. Университеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми және еріктілік қызметтеріне белсене қатысқан жастардың жетістіктері ерекше аталып өтті.

 

 

Іс-шараға университет ректоры қатысып, оқу орнының қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, белсенділігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген студенттерді арнайы марапаттады. Үздік студенттерге алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды.

 

 

Жиын барысында студенттік ұйымдардың атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, алдағы оқу жылына арналған жаңа мақсаттар мен жоспарлар талқыланды.

Құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз артып, алар асуларыңыз биік болсын!