Шерхан университетінде Мейрамбек Төлепберген мұрасына арналған Республикалық конференция өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде белгілі журналист, публицист әрі қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепбергенге арналған «Мейрамбек Төлепберген: адамгершілік және қайраткерлік болмысы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Тағылымды шараға қоғам қайраткерлері, журналистер, ғалымдар, университет профессор-оқытушылары мен студент жастар қатысты. Конференция барысында Мейрамбек Төлепбергеннің қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі, шығармашылық мұрасы мен азаматтық ұстанымы кеңінен талқыланды.

Жиында сөз сөйлеген спикерлер тұлғаның кәсіби шеберлігі мен ел мүддесі жолындағы еңбегіне тоқталып, оның өнегелі өмір жолы жас буынға үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар журналистің публицистика саласындағы қолтаңбасы мен рухани мұрасы туралы мазмұнды баяндамалар жасады.
Конференция соңында университет қабырғасында Мейрамбек Төлепберген атындағы арнайы аудиторияның ашылу рәсімі өтті. Бұл бастама тұлға еңбегін ұлықтап, болашақ журналистерге рухани бағыт-бағдар беретін маңызды қадам ретінде бағаланды.

15 Мамыр 2026
288