ХТУ студенті пәндік олимпиадада жүлделі 3-орынға ие болды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің 3-курс студенті ҚР ҒЖБМ жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Халықаралық құқық бойынша Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 3-орынға ие болды!

24 сәуірде Шерхан Мұртаза атындағы ХТУ студенттер командасы Қарағанды қаласында өткен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Халықаралық құқық бойынша Республикалық пәндік олимпиадада университетіміздің намысын абыроймен қорғады.

Қарбаласқа толы әрі тартысты өткен 3 кезеңнің қорытындысы бойынша команда мүшесі Берік Жандос сенімді жеңіске жетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ш. Мұртаза атындағы ХТУ командасының құрамы:
1. Асылқызы Диана
2. Нұрқожа Нұрай
3. Рузиева Камилла
4. Сметулла Жандос
5. Берік Жандос

Команданы дайындау жұмыстары А.Я. Мусаеваның жетекшілігімен жүргізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша жетекші екі бірдей Алғыс хатпен марапатталды:
- Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен;
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен.

27 Сәуір 2026
85