Есірткінің алдын алу – жастар қауіпсіздігінің кепілі

Заң мен тәртіп қағидаты аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жастар арасында зорлық-зомбылық пен синтетикалық есірткінің алдын алу мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге тақырыпқа сай қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, қоғамдағы өзекті мәселелер жан-жақты түсіндірілді.

Көрсетілімге Некнижные закладки және Хулиганка фильмдері ұсынылды. Бұл туындылар арқылы жастарға құқық бұзушылықтың салдары, синтетикалық есірткінің адам өміріне тигізетін зияны, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың жеке тұлға мен қоғамға әсері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Іс-шараға құқық қорғау органдары мен жастар саясаты саласының мамандары қатысып, студенттерге синтетикалық есірткінің қауіптілігі, оның таралу жолдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, одан қорғану тәсілдері мен құқықтық тетіктері де түсіндірілді.


20 Сәуір 2026
333