COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Тараздан – Еуропаға: жаңа AgroTech білім беру бағдарламасы студенттерге қос диплом алуға жол ашады

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Польшадағы Краков қаласының University of Agriculture in Krakow университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім – ғылым мен білім саласындағы халықаралық байланысты нығайтып қана қоймай, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

 

 

Сонымен қатар, тараптар «AgroTech» бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. 3+1 форматындағы бұл бағдарлама студенттердің 3 жылын Таразда, 1 жылын Краков университетінде оқуына мүмкіндік береді. Бағдарлама агроөнеркәсіп саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті меңгерген заманауи, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

 

 

Бұл – университеттің халықаралық деңгейдегі білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтатын маңызды қадам!