Бітіруші студенттерге және магистранттарға жас мамандардың жұмысты өтеу міндеттерін түсіндіру

2026 жылғы 10 сәуірінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Академиялық саясат басқармасы және Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан бітіруші студенттерге және магистранттарға жас мамандардың жұмысты өтеу міндеттерін түсіндіру туралы кездесу өтті.

«Қаржы орталығы» АҚ өкілі, спикер Сапаралина Мирана Бауыржановна, қатысушыларға түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша нормативтік құжаттармен таныстырып, жұмыспен өтеу міндетінен босатылуы туралы ақпарат берді.
Кездесуде бітіруші студенттер және магистрантар сұрақтарын қойып, «Қаржы орталығы» АҚ өкілінен жан-жақты жауап алды. Осындай кездесулер түлектерге өзекті ақпарат алуға, заңнама талаптарын жақсырақ түсінуге және болашақ кәсіби қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді.

10 Сәуір 2026
102