Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның ортақ міндеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін насихаттау және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Семинарға университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исаханұлы Көпдікбаев, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Тілешұлы Қуанышев, сондай-ақ Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Қайратұлы Лесбек қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық мәдениетті дамыту мен қоғамдағы әділдік құндылықтарын нығайту жайында сөз қозғалды.
Семинар соңында қатысушылар сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, естелік суретке түсті.

02 Сәуір 2026
88