COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университеті Жамбыл ауданының мектеп түлектерімен кездесті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Экономика факультетінің оқытушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Жамбыл ауданы мектептерінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.

 

 

Кездесу барысында оқытушылар талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, студенттерге жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, тәжірибеден өту және оқу орнын тәмамдағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Шара барысында мектеп бітіруші түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау, құжат тапсыру тәртібі және студенттік өмір туралы толық мәлімет алды. Кездесу барысында жастарға болашақ мамандықты саналы түрде таңдап, жоғары білім алудың маңыздылығы туралы айтылды.