«Қош келдің, Наурыз төріме!» — мерекелік думан өтті

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті. Орталық алаңда ұйымдастырылған «Қош келдің, Наурыз төріме!» атты мерекелік шара ұлттық рухқа толы ерекше думанға айналды.

Мерекелік бағдарлама барысында әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалып, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді. Қонақтар қазақтың дәстүрлі рәсімдерін тамашалап, ұлттық ойындар мен түрлі жарыстарға қатысып, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісті.

Наурыз – жаңару мен бірліктің, ырыс пен берекенің мейрамы. Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтар насихатталып, жастардың бойына дәстүр мен мәдениетке деген құрмет сіңіріледі.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

21 Наурыз 2026
107