Академиялық ұтқырлық: Польшада білім алған студенттер елге аман-есен оралды

2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің 7 студенті Польшадағы Лодз университетінде білім алып, оқу бағдарламасын сәтті аяқтады.

Алайда халықаралық саяси жағдайға байланысты студенттер елге қайтар жолда Доха қаласында 4 күн бойы аялдап қалды. Осы кезеңде университет басшылығы студенттермен тұрақты байланыста болып, оларға моральдық әрі қаржылай қолдау көрсетіп, елге аман-есен оралуына жан-жақты көмектесті.

Бүгінде студенттер Қазақстанға сәтті оралып, университет ректорының қабылдауында болды. Кездесу барысында олар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алған білімдері мен шетелдік тәжірибелерімен бөлісті.
Университет басшысы студенттердің жетістіктерін атап өтіп, алдағы оқуына және кәсіби жолына сәттілік тіледі.

11 Наурыз 2026
119