Қылмыстық жаза түрі ретінде бас бостандығынан айыру және жазаның осы түрін өтеп жатқан сотталғандардың құқықтық жағдайы

24.02.2026ж. “Заң” факультеті, “Азаматтық және қылмыстық құқық” кафедрасының сеньор-лекторы Айнұр Асқарбекқызы ҚР Қылмыстық атқару құқығы пәнінен “Қылмыстық жаза түрі ретінде бас бостандығынан айыру және жазаның осы түрін өтеп жатқан сотталғандардың құқықтық жағдайы” атты тақырыбында 3 курс студенттері ҚҚ-23-5, 7, 9 топтарына ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:
Студенттерге бас бостандығынан айыру жазасының мәнін, түрлерін, сотталғандарды бөлу тәртібін, жаза өтеу орындарын және оларды ауыстырудың құқықтық негіздерін ҚР Қылмыстық-атқару кодексі бойынша түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:
бас бостандығынан айыру жазасының түрлерін ашу;
сотталғандардың санаттарын және жазаны орындайтын мекемелерді таныстыру;
сотталғандарды мекеме түрлері бойынша бөлудің құқықтық негізін түсіндіру;
сотталғандарды жаза өтеу орнына жеткізу және ауыстыру тәртібін талдау болып табылады.

Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
Сабақ барысында тақырып толық қамтылып, оқу мақсаттары жүйелі түрде жүзеге асырылды. Студенттер белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алды. Теориялық білім тәжірибемен ұштастырылып, кейс тапсырмалар арқылы талдау жұмыстары жүргізілді.
Студенттер тиісті әрі нақты жауап беріп, кәсіби көзқарастарын көрсетті. Сабақ өз мақсатына жетіп, нәтижелі өтті.

24 Ақпан 2026
117