COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Адал азамат – біртұтас білім беру кеңістігі» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2025 жылдың 20 ақпан күні профессор-оқытушылар құрамы мен жұмыс берушілер арасындағы дөңгелек үстел аясында мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – білім беру бағдарламаларын жаңарту, еңбек нарығы талаптарына сай маман даярлау және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру жүйесіне тиімді енгізу мәселелерін талқылау болды.

 

 

Дөңгелек үстелге жұмыс берушілер тарапынан арнайы қонақтар шақырылды.

Атап айтқанда, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы, «Galam school» бастауыш мектебі, №18 және №28 бөбекжай балабақшасы, Асыл Мирас аутизм орталығы, сондай-ақ Тараз инновациялық көпсалалы колледжі өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен және құнды ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, өз ойымен Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Кадырова А.С., Академиялық саясат басқармасының басшысы Наренова А.Н. бөлісті.

 

 

Дөңгелек үстел барысында тәжірибелі мамандар өз ой-пікірлерін ортаға салып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, білім берудегі цифрландыру, жасанды интеллект құралдарын қолдану, инклюзивті білім беру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды. Қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, нақты ұсыныстар айтылды.

 

 

Дөңгелек үстел барысында жұмыс берушілер тарапынан барлық білім беру бағдарламаларымен жан-жақты танысып, оларды жетілдіру және бірлесіп іске асыру мақсатында білім беру бағдарламаларына қол қою және мөр басу рәсімімен өз мәресіне жетті.

 

 

Білім мен тәжірибе тоғысқан бұл кездесу – болашақ педагогтерді даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.