COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Әлем, Абай, Қазақстанның сара жолы»: тағылымды кездесу өтті

 

Шерхан университетінде академик, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден студенттерге «Әлем, Абай, Қазақстанның сара жолы» тақырыбында мазмұнды дәріс-семинар өткізді.

Іс-шара барысында спикер ХХІ ғасырдағы жаһандық үдерістерге тоқталып, «Әлем қайда барады? Қазақстанның орны қандай?» деген өзекті сауалдарға кеңінен жауап берді. Сондай-ақ, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасы негізінде қоғамды ізгілендіру, рухани жаңғыру және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері қозғалды. Академик өз еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстанның даму бағыты мен «сара жолы» туралы тұжырымдарын ортаға салды.

 

 

Семинарға ардагерлер ұйымының төрайымы мен мүшелері арнайы қатысып, жастарға ақ батасын беріп, елдік пен бірлік туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Буындар сабақтастығын дәріптеген бұл кездесу студенттер үшін тағылымы мол, мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

 

 

Кездесу соңында студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, еркін форматта ой бөлісті. Дәріс жас ұрпақты терең ойлауға, ұлттық рухты қадірлеуге және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үндеген маңызды рухани шара болды.