Бокстан Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite–2026 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

Аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Осы халықаралық турнирде университетіміздің дене шынықтыру мамандығының 4-курс студенті Оңғаров Нұрзат 50 кг салмақ дәрежесінде ел намысын абыроймен қорғап, қола жүлдеге ие болды. Бұл жетістік – студентіміздің табандылығы мен спорттағы жоғары дайындығының айқын дәлелі.

Университет ұжымы Оңғаров Нұрзатты айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейді.

09 Ақпан 2026
105