Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өз мәресіне жетті

2026 жылдың 4–6 ақпан аралығында «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Шерхантану курсын жобалау мен іске асырудағы технологиялар мен инновациялар: қиындықтар мен тиімді шешімдер» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Үш күнге созылған семинар барысында шерхантанудың теориялық және әдістемелік мәселелері талқыланып, авторлық бағдарламалар мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері ұсынылды. Семинарға республика мектептерінің мұғалімдері қатысып, ғалымдар мен тәжірибелі педагогтардың ғылыми тұжырымдары мен практикалық ұсыныстарын тыңдады.

«Шерхантану және цифрлық кеңістік» бағыты аясында спикерлер жасанды интеллект элементтері мен инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын көрсетті. Тәжірибелі педагогтар ЖИ көмегімен әзірленген қысқа мерзімді сабақ жоспарларын ұсынды.

Семинардың негізгі мақсаты – Шерхан Мұртаза шығармалары арқылы адамгершілік, отансүйгіштік және ұлттық құндылықтарға негізделген нәтижеге бағытталған білім беру дағдыларын дамыту.
Қорытындысында 26 спикерге алғыс хаттар табысталып, семинарға онлайн және офлайн форматта қатысқан 140 мұғалімге біліктілікті арттыру жөніндегі сертификаттар берілді.

06 Ақпан 2026
100