COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Белсенді жастармен кездесу өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің белсенді студент жастары университеттің құрылтайшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Байұзақұлымен кездесті.

 

 

Кездесу еркін форматта өтіп, онда университеттің даму барысы, алдағы жоспарлары мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар студенттерді толғандырған сұрақтарға нақты жауап беріліп, ашық сұхбат ұйымдастырылды. Жиын барысында студенттердің жеке жоспарлары, кәсіпкерлік бағытындағы мақсаттары мен бастамалары да сөз болды.

 

 

Ерболат Байұзақұлы жастарды өткен Студенттер күнімен, сондай-ақ алдағы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, білім жолында табыс тілеп, белсенді болуға шақырды. Алдағы уақытта да осындай еркін форматтағы кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.